«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРБАН ҚАШЫҚТАН ШАЛЫНАДЫ

Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілде күні басталып, үш күнге созылады. Елімізде қауіпті індеттің таралуына байланысты мешіттерде айт намазы оқылмайды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Брифингте баяндама жасаған “Қызылжар” орталық мешітінің бас имамы Кенжетай  Дүйсенбай Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасы  көпшіліктің өтініші бойынша ұлық мереке қарсаңын­да биыл алғаш рет қашықтан құр­бан шалу жобасын қолға алға­нын жеткізді. Айтуынша, құрбан­дық етін мұқтаж жандарға үлесті­ру тәжірибесі Түркия, Малайзия, Индонезия, Біріккен Араб Әмір­лік­тері сынды бірқатар мұсыл­ман мемлекеттерінде бұрыннан қа­лыптасқан екен. Пандемияға бай­ланысты біздің елімізде қа­шық­тан құрбан шалу үшін “Qur­ban2020.kz” сайты іске қосылды. Аталмыш сайт арқылы құрбан­дық шалуға онлайн тапсырыс 30 шілдеге дейін қабылданады.

– Бұл сайт карантин кезінде құрбан шалуға ниет еткен аза­мат­тардың тілегін жүзеге асыру­ға мүмкіндік береді. Қашықтан  құрбандық шалу кезінде әдет­те­гідей малды таңдау,  қасапшы­ның қасында тұру деген болмай­ды. Бұған дейін құрбан шалған адамдар етті мұқтаж жандарға та­ратып, ағайын-туыс, көрші-қо­лаңға арнап айт дастарқанын жаятын. Биыл пандемия жағда­йы­на байланысты сойған мал­дың етін түгелдей әлеуметтік аз қам­тылған жандарға, мұқтаж от­басыларға үстестіруді жоспар­лап отырмыз, – деді  Кенжетай Байкемелұлы. Қолдауға зәру отбасылардан өтініш қабылда­нады, ал оларға етті таратумен еріктілер айналыспақ.

Ізгі іс жасауға ниетті азамат­тар құрбандыққа шалынатын мал­ды көруге өтініш білдірсе, мешіт қызметкерлері фото, бей­не түрінде хабарлама жібермек. Баспасөз мәлихаты барысында Кенжетай Байкемелұлы онлайн құрбандық шалу кезінде имам­дар­дың жұмысы  делдалдықпен айналысу емес, мұқтаж жандар­ға қолдау көрсету екенін жеткізіп, мүмкіндігі бар әр адамды са­уап­ты іске атсалысуға шақырды. Өңір­де құрбан шалуға арнайы орын ашылған. Діни рәсім каран­тин талаптарына сәйкес жергі­лік­­ті әкімдік пен санитарлық ма­ман­дардың рұқсатымен, тәртіп сақ­шы­ларының қадағалауымен орын­далады.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp