Қырғызстанның Солтүстік Қазақстан облысындағы Құрметті елшісі тағайындалды.
Бұл қызметті “Манас-Петропавл” қырғыз қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Майрамбек Бөлтіріков атқарады. Биылғы жылдың 27 ақпаны күні Құрметті елші облыс әкімі Ерік Сұлтановқа экзекватура құжатының көшірмесін табыстады.
Енді Майрамбек Бөлтіріков Солтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстан арасындағы тығыз мәдени-экономикалық байланысты нығайтуға ат салысатын болады. Әзірше біздің облысымыз елімізде Қырғыз елінің Құрметті елшісі бар жалғыз өңір.