Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі Қайрат Пішенбаев “Солтүстік – 2014” облыстық қысқы спорт мерекесінде аудан намысын қорғаған спортшыларды қабылдап, құрмет көрсетті.
Еркебұлан ЕЛУБАЕВ,
журналист.
Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылында өткен жарыста ауданның құрама командасы жалпыкомандалық есепте 3-ші орынды жеңіп алған болатын. Аудандық Спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Сергей Лысенко әр спортшының қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Жалпы, әйелдер мен ерлер арасында өткен қысқы Президенттік көпсайыста, шаңғы жарысында, командалық жарыста және спринтте аудан атынан шыққан спортшылар облыс чемпионы атағын жеңіп алып, бірқатары күміс жүлдегерлер атанды. Конькимен жүгіру спорты және шорт-тректе де мағжандықтардың нәтижелері жаман емес, мұнда конькишілеріміз бірнеше қола медальге қол жеткізген. Хоккейден аудан құрамасы жеңімпаз атанды.
Аудан басшысы “Солтүстік – 2014” қысқы спорт ойындарында жоғары спорттық нәтижеге қол жеткізген ауданның құрама командасының әрбір мүшесіне ақшалай сыйлықтар тапсырды.