«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ

Петропавлдық «Қызылжар арландары» спорт клубының өкілі – Мұхит Тұрсынов «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазмедиа-Холл» киноконцерт залында Қазақстан Республикасының «Қазақ күресі» федерациясы 2019 жылды қорытындылаған болатын. Жиында төл өнерімізді дамытуға сүбелі үлес қосқан сала мамандары, үстіміздегі жылы спорттық мансабында жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар марапатқа ие болды. Салтанатты шара барысында федерация президенті, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев үздіктердің қатарынан көріне білген жерлесімізге жоғары награданы табыстады. Петропавлдық балуан биыл Қызылорда қаласында қазақ күресінен өткен Қазақстан чемпионаты мен Ақтөбе қаласында ұлттық спорт түрлерінен өткен республикалық V фестивальде жеңімпаз атанған болатын. Сондай-ақ, Мұхит Тұрсынов Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өткен спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының іріктеу және ақтық кезеңінде жергілікті клубтың жеңіске жетуіне үлесін қосты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp