«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ҚОЛТАҢБА

Бүгінгі таңда Петропавл қаласында тұрғын үйлермен қатар мектептердің де құрылысы қызу жүріп жатыр. Атап айтқанда, “Жас өркен” шағынауданында 900, ал “Береке” шағынауданында 600 орындық мектеп салынуда. Бұл нысандар биыл күзде пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, Уәлиханов көшесінің бойында 900 орындық мектеп ғимараты тұрғызылмақ.

Осындай жұмыстар құрылысшылардың қажырлы еңбегімен ғана жүзеге асады. Дулат Нұрғалиев – жиырма бес жылдық еңбек тәжірибесі бар білікті маман. Бүгіндері өңірімізге танымал құрылыс компаниялардың бірі – “Севимсталькон” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылысшы-құрастырушы болып жұмыс істейді. Өз ісінің білгірі үш блоктан тұратын ғимараттың қаңқасын тұрғызу, шатырын жабу жұмыстарында айшықты қолтаңбасын қалдыруда.

Дулат Нұрғалиев мектеп құрылысының сапалы жүргізілуіне бір адамдай атсалысуда. Өйткені, білікті маман білім ордасы талай ұрпақты білім нәрімен сусындататын қасиетті орын екенін жақсы түсінеді.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltustik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp