«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ЖҰМЫСЫ СЫНҒА ҰШЫРАДЫ

 

Петропавлда қоғам белсенділері балалар аулаларын тұрғызумен айналысатын «Шанхай-Север» ЖШС мердігер компанияның жұмыс сапасын сынға алды. Бірнеше аулада мониторинг жүргізу барысында көптеген кемшіліктер анықталып отыр. 

Тексеру барысында құрылысшылардың балалар ойын алаңдарын салуға бөлінген қаржыны алдын ала иемденгені белгілі болды. Мониторинг жүргізілген күні белсенділер фирма қызметкерлерінің құжат жүзінде құрылысы аяқталды деген ойын алаңдарында әлі де жұмыс істеп жатқандарына көз жеткізді. Кейбір аулаларда құм төселмеген болса, енді бір үйлердің маңында бой көтерген волейбол алаңдарының толық жабдықталмағаны анықталды.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департамент мамандарының нұсқауымен құрылыс фирмасы орын алған кемшіліктерді алдағы уақыттың ішінде жоюы тиіс. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp