9 тамыз – Құрылысшы күні. Соған орай Петропавл қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты шарада өңір басшысы Ерік Сұлтанов ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, небір зәулім ғимараттар тұрғызып, күре жолдар салып жатқан жасампаз еңбеккерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, қатарластарына үлгі көрсетіп жүрген қас шеберлерге облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыс етті.
Құрылысшылар – жер жүзіндегі мәңгілік, жасампаз, ең бейбіт кәсіптің иесі. Сәулетті құрылыстарымен, материалдық құндылықтарымен болашаққа жол тартар өркениетті жасайтындар да солар. Көне дәуірдегі ескерткіштер мен күні бүгінгі көкпен таласқан зәулім ғимараттар құрылысшылардың құрыш қолымен жасалған. Сондықтан болар, олардың еңбегі әрқашан да елеулі, заманауи және қажетті.
– Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетіміздің инфрақұрылымының ауқымды дамуының негізін қалаған “Нұрлы Жол” Жаңа Экономикалық Саясатын жүзеге асыру жолында құрылыс саласы қызметкерлерінің рөлі ерекше маңызды. Сол жасампаздықтың өкілі ретінде бүгінгі құрылысшылар бұрынғылардың тамаша дәстүрін сақтай отырып, еңбектерін еселей түсуде, өндіріске жаңа технологиялар енгізуде, барлық кешеннің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде. Өңірдің құрылыс саласында оң серпін байқалады. Үстіміздегі жылғы бірінші жартыжылдықта құрылыс жұмыстарының көлемі, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 169 пайызды құрады. Биыл тұрғын үй құрылысына 6 млрд. теңгеден астам қаражат қарастырылған, осының өзі 124 мың шаршы метрден артық тұрғын үй салуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, 5 көпқабатты тұрғын үй, жас отбасыларға арналған 2 жатақхана, мұз айдыны бар Спорт сарайы іске қосылады. Мектептер мен балабақшалар салу жалғасуда, қонақүйлер мен демалыс аймағының құрылысы басталды. Сонымен бірге жергілікті маңызы бар 250 шақырымнан астам автомобиль жолдарын жөндеуден өткізу жоспарлануда, – дей келіп, Ерік Сұлтанов салтанатты шараға қатысып отырған құрылысшылардың отбасыларына амандық, еліміз бен өңірімізді өркендету жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.

Құттықтау сөзінен кейін Ерік Хамзаұлы құрылыс саласын дамытуға қосқан қомақты үлестері үшін 18 үздік қызметкерге облыс әкімінің Құрмет грамотасын, 18 озат еңбеккерге Алғыс хатын табыс етті.
Осы күні облыс әкімі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы бойынша марапатталған жеке кәсіпкер Александр Грасқа (Петропавл қ.), прораб Григорий Гончаровқа (“КазСтройКомпания” ЖШС), учаске басшысы Николай Кимге (“Основание” ЖШС), прораб Юрий Овсянниковке (“СтройКомпания” ЖШС), бригадир-тасқалаушы Геннадий Пигаловқа (“Раско” ЖШС), директор Сергей Шевелевке (“Стадия” ЖШС), автокран машинисі Василий Романихинге (“Петрострой-Люкс” ЖШС), бас директор Александр Авдеевке (“Казградстрой-НС” ЖШС) – “Құрметті құрылысшы”, бас директор Василий Айдаковқа (“Коммунстрой-сервис” ЖШС) – “Құрметті жолшы” төсбелгісін, ал директор Виктор Лиге (“СУ-808” ЖШС) Алғыс хатты табыс етті.
“ВАНТ” ЖШС-нің директоры Александр Филипенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғын үй құрылысына, жаңа өндіріс орындарын тұрғызуға ерекше назар аударып отырғандығын, оған жерлес құрылысшылардың сүбелі үлес қосып жүргендігін тілге тиек ете келіп, әріптестерін атаулы мерекемен құттықтады.
Салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.
Нұрсайын ШӘРІП,
“Солтүстік Қазақстан”.
Суретті түсірген
Талғат ТӘНІБАЕВ.