«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ЖЕТКІЗЕТІН БОЛАДЫ

«Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының басшылығы Алматы облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесу барысында тауар өндірушілер өз өнімдерін «ЭКСПО – 2017» көрмесінің құрылыс алаңына жеткізудің мүмкіндігін талқылады. Олардың пікірінше, Отанымызда шығарылған сапалы құрылыс материалдарын еліміздің басты құрылыс алаңына жеткізу – Қазақстанның ауқымды ұлттық жобасының бір бөлігі болудың мүмкіндігі.

Бизнесмендер өнімдерінің артықшылықтары туралы айтып, үлкен көлемді жеткізулерді қамтамасыз ете алатындықтарын атап өтті.

«Мен Қазақстандағы болат есіктер мен өртке қарсы құрылыстарды шығаратын ең ірі зауытты ұсынып отырмын. Нарықта жұмыс жасап жатқанымызға 10 жылдан асты, сол уақыт ішінде осы саланың көшбасшысы атандық. Бүгінгі кездесу өнімді өтті, біз алдын ала нобайларды, сызбаларды, түрлі дизайнды дайындадық», – деп хабарлады «AlCom Engineering Group» ЖШС бас директоры Данияр Әлжанов.

Ұлттық компанияда хабарлағандай, Алматы облысының өндірушілерін тарту жұмысы жалғасын табады. Осы кезеңде темір бетонды құрылыстарды, шпалдар мен бағаналарды өндіретін «БеНТ» АҚ зауытымен шарт жасалды. Шарттың жалпы сомасы 45,9 млн. теңгені құрады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp