
Үстіміздегі жылы Петропавл қаласындағы бірқатар спорттық нысандарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасы аясында ел бюджетінен 91 млн. теңге бөлінген болатын. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұл нысандарда болып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Өңір басшысы алдымен облыс орталығындағы олимпиадалық резервтегі “Дельфин” мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне ат басын бұрды. Спорттық нысанға күрделі жөндеу жұмыстары соңғы рет 2006 жылы жүргізілген екен. Тамыз айында басталған жұмыстар барысында “Harmony pool constraction” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары бірінші қабаттағы үлкен бассейннің су тазалағыш фильтрлерін ауыстырып, сорғы құрылғыларын жаңартқан. Сондай-ақ, “Намыс Қазына” ЖШС-нің өкілдері нысан алдындағы өрнектастарды ауыстырып, ғимараттың кіреберісін кеңейткен. Серіктестік директоры Әділхан Аңдабаевтың айтуынша, қазіргі уақытта касса, киімжай және кабинеттерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, спортзалдың едені ауыстырылуда. Бұл жұмыстарға 40485,10 мың теңге жұмсалған. Облыс әкімі жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін адам танымастай өзгерген жаттығу залында болды. “Самғау” жеке кәсіпкерлігі бұл залда 3,7 млн. теңгенің жұмысын атқарған.
Мақаланың толық нұсқасын газеттің келесі нөмірінен оқисыздар.