Жыл сайын “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры” мен “Казкоммерцбанк” акционерлік қоғамдары бірлесіп “Құс жолы” қайырымдылық жобасын ұйымдастырады. Бұл жоба кембағал жандардың кәсіпкерлігін қолдауға арналған. Биыл 3 маусым мен 3 шілде аралығында өтініштер қабылдануда.
Іскерлігін танытқысы келген 6 адам Петропавл қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласып, діттеген ойларын жүзеге асыру үшін қайырымдылық қолдауға қол жеткізуге үміт білдірді. Аталмыш шара үшін арнайы құрылған комиссия олардың жасаған бизнес жоспарына қарай қордың тағайындап отырған қайтарымсыз қаржысына лайықты адамдарды іріктейді. Жобаның нәтижесі тамыз айында белгілі болады.
Анықтама телефондары: 8 (7152) 55-98-11, 55-98-12.
“Даму” кәсіпкерлікті
қолдау қоры” АҚ-ның
өңірлік филиалы.