Солтүстікқазақстандық құс өсірушілерге Евразиялық экономикалық одақ шеңберінде бәсекеге қабілетті өнім өндіру мәселесі бойынша арнайы семинар ұйымдастырылды.
«Атай СК» ЖШС-де өткізілген бұл оқудың басты мақсаты біздің құс өнімдерінің сапасын арттырып, ЕАЭО –ке қатысушы мемлекеттердің нарығына шығару. Бүгінгі күні облыста 6 құс фабрикасы жұмыс істейді.