«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құттықтау жеделхаты

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Катардың Доха қаласында өткен Азия кубогында сәтті өнер көрсеткен ауыратлетші жерлесіміз Айдар Қазовқа құттықтау жеделхатын жолдады.

“Солтүстікқазақстандықтардың және өзімнің жеке атымнан Азия кубогындағы тамаша жеңісіңізбен құттықтаймын!

Мақсатқа талпынушылық, спорттық ержүректілігіңіз бен тактикаңыз Сізге мықты қарсыластарыңыздан оқ бойы озық болып, серпе және жұлқи көтеруде шағын алтын медальдар жеңіп алуға, бәсі биік додада жеңістің бірінші сатысына көтерілуіңізге мүмкіндік берді.

Сіздің жеңісіңіз ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойындағы қазақстандық атлеттер жетістігінің қатарына абыроймен қосылды. Сіз Қазақстандағы барша жанкүйерлеріңізге ұмытылмас әсер сыйлап, мыңдаған жас қазақстандықтарға үлгі болдыңыз, кезекті рет еліміздің абыройын көтердіңіз”, – делінген жеделхатта.

Ерік Хамзаұлы жерлесіміз Айдар Қазовқа мықты денсаулық, игілік және спортта жаңа жеңістер тіледі.

77 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Айдар Қазов қоссайыс жиынтығында 317 килограмм көтерді, бұл барлық қарсыластарынан озуға және кубок иегері атануға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, спортшы жұлқи және серпе көтеруде де үздік атанып, шағын алтын медальдарға ие болды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp