Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастаны – осы күнге дейін сақталған түркі тіліндегі тұңғыш энциклопедиялық еңбек. Сол себепті, жергілікті “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігі оқушылар мен студенттерді аталмыш шығармамен жақынырақ таныстыру үшін арнайы шара ұйымдастырды.
– Біз үнемі түрлі фестивальдар өткіземіз. Ал соңғы жылдары ғылыми бағытты да қолға алдық. Әр жыл сайын өңірдегі жоғары оқу орындарының оқытушылары және студенттерімен бірлесе отырып, белгілі тарихи тұлғаның шығармашылығын, еңбек жолын тереңірек зерттеп жүрміз, – деді “Түрік мәдениеті” қоғамдық бірлестігінің төрағасы Идрис Картал.
Шара барысында философия ғылымдарының докторы Александр Никифоров Жүсіп Баласағұнның өмірге деген көзқарасы жайлы баяндады. Себебі, “Құтты білік” дастаны – халықты адамгершілік қасиеттер мен имандылыққа, ізгілік пен әділеттілікке тәрбиелейтін еңбек. Содан да болар, бұл тарихи туынды осы күнге дейін мәнін жойған емес.
Айгерім ЕРЖАНОВА.