Облыс әкімі Ерік Сұлтанов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы Павел Филлиповке өңір басшысы УАЗ көлігінің кілтін табыс етті. Төтенше жағдайлар қызметінің жеті қызметкері кәсібилігі мен адал еңбегі үшін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
– Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың табысы – бұл жыл сайынғы құтқарылған тұрғындар. Сіздер күндіз-түні тыным таппай, ауыр да қауіпті және азаматтарымыз үшін аса қажетті қызметті атқарып жүрсіздер, – деді Ерік Сұлтанов.