Петропавлдық құтқарушылар 87 жастағы жалғызбасты қарияны өлімнен арашалап қалды.
Жедел құтқару отрядының кезекші бөліміне телефон шалған ер адам 5 күннен бері көрші әйелдің көрінбей кеткенін хабарлаған. Жедел жеткен төтенше жағдай қызметкерлері есікті ешкім ашпаған соң балкон арқылы үйге кіргенде еденде қимылдай алмай жатқан қарияны көрген. Оған жедел медициналық жәрдем көрсетілді. Қант диабетімен ауыратын әйел дер кезінде жеткен көмектің арқасында осылай аман қалды.