«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰТҚАРУШЫЛАР КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Сәуір айының екінші онкүндігінде Қызылжар өңірінде күннің жылынуы қардың күрт еруіне әкеліп соғып, Петропавл қаласының ой-паң жерлеріндегі жекелеген тұрғын үйлерге су кірді.

10 сәуір күні төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің жедел штабы тұрғын үй иелерінен судың қауіп төндіріп тұрғаны жайлы 12 өтініш қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар облыстық шұғыл әрекет ету отрядының күштері мен құралдарын қатыстыра отырып, жедел шараларды қабылдады.  

11 сәуірде Ойқала, Жұмысшы, Бензострой кенттері аумақтарында орналасқан 6 мекенжай бойынша су сыртқа ағызылды. Бұл күні департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі”, “Суда құтқару қызметі” мемлекеттік мекемелерінің мотосорғылары толассыз жұмыс істеді. Қуатты сорғылар санаулы минуттарда жергілікті тұрғындардың су алған аулаларын судан тазартты. Ал үй иелері болса уақытында келіп жеткен көмек үшін ризашылықтарын білдіріп жатты.

Евгений ОБУХОВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp