«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰТҚАРУШЫЛАР НАУҚАСҚА КӨМЕКТЕСТІ

Тимирязев ауданының орталығы Булаево қаласынан шұғыл шақырту бойынша шыққан “Жедел жәрдем” көлігі қар құрсауынан өте алмай, Приозерное ауылына жетер-жетпес жерде тұрып қалды. Ал бұл ауылда туысқандарына қонаққа келген 39 жасар әйел қатты ауырып жатқан еді.

 Науқасқа жедел көмек көрсету үшін ауылға «Нива-Бронто» автокөлігі жіберілді. Азаматтық қорғаныс саласында 20 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі, аға сержант Ақбай Қыпшақбаев фельдшер Жомарт Каппаровты өз көлігіне отырғызып, оны науқастың үйіне жеткізді. Арайға алғашқы көмек көрсетілген соң, ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылданды. «Жедел жәрдем» көлігіне апарып, науқасты шұғыл түрде ауруханаға жеткіздік», – деді ол.
Бүгінде оның жағдайы жақсы. Ол қиын жағдайда көмек көрсеткен адамдарға шын жүректен ақ алғысын айтуда.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp