«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰШАҒЫ КЕҢ

Егемен ел атанғанымыздың ширек ғасырлық мерекесін атап өтушілердің қатарында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықта тарихи Отаны шақырса да, қазақ жерінде қалуға бел байлаған өзге этнос өкілдері де бар. Жас мемлекеттің іргесін нығайтуға зор үлес қосқан этностардың тілі мен ділін, ұлттық мәдениетін сақтауда еліміз де барлық жағдайды жасады. Осылай қалыптасқан сыйластық Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы ұйымдастырған көрмеде көрініс тапты. Белорус, татар, армян, тәжік, әзірбайжан этномәдени бірлестіктері ұйымдастырған қолданбалы қолөнер көрмесіне келушілердің қызығушылығы ерекше болды.

Осы күні аталған этномәдени бірлестіктер өкілдері облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражай қызметкерлері “Үлкен ел – үлкен отбасы” жобасы аясында фотокөрме ұйымдастырған екен. Қазақстандық біртектілікті және жалпыхалықтық бірлікті дәріптеген фотокөрмеде Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі келісімді сақтаудағы рөлі баяндалды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp