«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰШАҒЫ КЕҢ “АТА МҰРА”

Осыдан сегіз жыл бұрын Кішкенекөл №1 орта мектебінің базасында “Ата мұра” қазақ этномәдени орталығы құрылған болатын. Негізінен мектеп оқушылары мен ұстаздар, мәдениет, өнер саласы қызметкерлерінен құралған этномәдени орталыққа бүгінгі күні Кішкенекөл №2 орта мектебінің, Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясының, аудандық тілдерді дамыту, білім бөлімдерінің, кітапхана жүйесінің, балабақшалардың мамандары тартылған.

Біздің қызметіміз Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық бірегейлікті, этносаралық келісімді және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыруды мақсат етеді. Халық бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді қолдау мен дамыту, саяси құқықтық, ұлттық мәдениет қалыптастыру, тілдер мен дәстүрлерді өркендетіп, сақтауда Д.Жолдыбаева, С. Рыскелдин, Р.Жагопарова, А.Кенжекеев, Г.Ерболсын, А.Макина, Ф.Болатова, Ш.Серғазина, тағы басқалары белсенділік танытуда.

Этномәдени орталықта өткізілген әрбір іс-шара елді бірлікке, ынтымаққа, келешекке деген нық сенімді қалыптастыруға шақырады. Биылғы жылы да мәдени орталықта өткізілетін бірлескен іс-шараларды ел бірлігін сақтауға, әр жүректе қазақстандық елжандылық сезімін оятуға бағыттайтын боламыз.

Медет САЙТКЕН,

“Ата мұра” этномәдени

орталығының төрағасы.

Уәлиханов ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp