«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУШЫЛАРДЫҢ ҚҰРЫҒЫ ҰЗЫН

Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының мамандары жыл басынан бері іздеу жарияланған 151 қылмыскердің 88-ін құрықтады.

Таяуда криминалдық полиция мамандары облыс орталығының 28 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Жасаған ұрлығы үшін шартты мерзімге бас бостандығынан айрылған ол соттың шешіміне құлақ аспай, Ресей Федерациясының Иркутск облысынан бір-ақ шыққан. Тәртіп бұзушы ресейлік әріптестердің көмегімен ұсталды. Енді ол жазасының қалған бөлігін түзеу мекемесінде өтейді.

Қылмыскерлердің көбі ізін жасыру үшін шекара асуға асығады. Сондай солтүстікқазақстандықтың бірін кеден қызметкерлері Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында қолға түсірді. 37 жастағы азамат есірткі бизнесіне қатысты 2011 жылдан бері іздеуде болатын. Ол да тәртіп сақшыларынан бой тасалай алмады.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp