«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздіксіз білім беру тәжірибесі

Білім беру және ақпараттық кеңістікті халықаралық серіктестік арқылы кеңейту – “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының басым бағыты. Облыстық филиал халықаралық қызметте Украинаның Запорожье қаласындағы дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру институтымен ынтымақтастық орнатқан. Нәтижесінде екі ел педагогтері жалпы біріккен ғылыми орта құру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізді.

Серіктестік аясында онлайн тәртібінде халықаралық “дөңгелек үстелдер”, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылды. Сондай шараның бірі “Үздіксіз білім беру жүйесінде маманның кәсіби дамуының ғылыми-әдістемелік негіздері” тақырыбына арналды. Онлайн тәртібіндегі шара жалпыукраиндық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өтті.

“Дөңгелек үстел” түрінде ұйымдастырылған шарада “Үздіксіз білім берудегі жоғары мектеп педагогтерінің кәсіби дамуының авторлық тәжірибесі”, “Тірек мектептер басшыларының дайындық ерекшеліктері”, “Жаңа мектеп – инновациялық өзгерістердің қажеттіліктері”, тағы басқа тақырыптар ортаға салынды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекеме беделін қалыптастыруды жетілдіру мәселелері қарастырылды.

Қарлығаш СҮЛЕЙМЕНОВА,

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ

“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалының маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp