«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕРГЕ — ЛАЙЫҚТЫ МАРАПАТ

 Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтіп, 60-тан астам журналист түрлі марапатқа ие болды. Бұл – ақпарат кеңістігін дамытуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқан медиа саласы мамандарының тынымсыз еңбегіне берілген зор құрметтің көрінісі.

Өңір журналистерін кәсіби мерекелерімен құттықтаған облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жүрекжарды тілегін ай­тып, журналистер – билік пен қоғам арасындағы алтын көпір ретінде халыққа маңызды және өзекті ақпаратты жеткізетінін, қоғамдық пікір қалыптастыратынын, азамат­тардың сенімін нығайтатынын атап өтті.

– Сіздердің еңбектеріңіздің ар­қасында облыс тұрғындары туған өлкенің жетістіктері, проблемала­ры мен келешегі туралы үнемі ха­бардар болып отырады. Барша ме­диа қауымдастығына шабыт, креа­тивті идеялар, жарқын материалдар және ризашылық танытатын оқыр­мандар мен көрермендер тілеймін. Бірлесіп, өңіріміздің дамуына үлес қосып, ашықтықты, диалогты және қоғамдық сенімді нығайта бе­ретінімізге сенемін, – деді өңір бас­шысы Ғауез Торсанұлы.

Салтанатты іс-шара барысын­да Мемлекет басшысының өкімі­мен бірқатар журналист орден-ме­дальдармен, салалық ми­нистрліктің, облыс әкімінің Құр­мет грамотасымен, Алғыс хатымен марапатталды. Солардың бірі – «Soltüstık Qazaqstan» газетінің бөлім меңгерушісі, ардагер журна­лист Өмір Есқали. Жарты ғасыр­дан астам уақытын журналистика­ға арнаған қаламгерге «Еңбек ар­дагері» медалі табысталды.

«Журналист болу үшін адам білімді, батыл әрі ізденімпаз бо­луы тиіс. Басты міндет – халыққа шынайы ақпарат жеткізу», – дейді Өмір Есқали.

Сонымен қатар «Soltüstık Qazaqstan» газетінің жауапты хат­шысы Жадыра Есенгелді мен ди­зайнері Әсел Ахметова облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp