«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздіктерге марапат

Аққайың ауданында биыл 127 түлек мектеппен қоштасты. Оның ішінде 87 бала ҰБТ тапсырды. Білім сынынан сүрінбей өтіп, оқу озаты, “Алтын белгі” иегерлері атанған және жоғары балл жинаған 30 оқушы сый-сияпатқа ие болды.

Мектепті үздік тамамдаған түлек­тер мен “Алтын белгі” иегерлерін ау­дан басшылығы Алғыс хатпен жә­не ақшалай сыйлықпен марапат­тады. Балаларына үлгілі тәрбие берген ата-аналарға да құрмет көрсетілді.

Үздік түлек атанғандардың бірі – Альмира Амантаева. 11 жыл үздік оқып, мектепті “Алтын белгіге” бі­тірген ол М.Қозыбаев атында­ғы СҚУ-ға “қаржыгер” маманды­ғына оқуға түспек.

– ҰБТ-ға дайындалғанда сәл қо­балжыдым, уайымдадым. Бірақ ата-анам қолдау көрсетті. Сонымен қатар ұстаздарымыз тестілеуге жақ­сы дайындады, – дейді Альмира Аман­таева.

Жансая ҚАЙЫПОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp