
Президенттік жастар кадрлық резервін қалыптастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Ашықтық үшін іріктеуге қатысушылар туралы ақпарат баршаға қолжетімді.
Іріктеудің әр кезеңінен кейін келесі сынға өткендердің тізімі жарияланып отырады. Қазіргі уақытта қабілеттерді тестілеу мен тестілеуді верификациялау кезеңдері аяқталды. Келесі сын – әлеуетті бағалау кезеңі. Бұл кезеңге өткен 549 үміткердің арасында сегіз жерлесіміз бар .Әлеуетті бағалау кезеңінде эссе жазу, жобаны таныстыру және құзыреттілік бағаланады. Эссе жазу және жобалар видео және аудио тіркеудің көмегімен арнайы автоматтандырылған жүйеде онлайн режімде көрсетіледі. Әр эссе мен үміткердің жобалық жұмысын онлайн-режимде үш сарапшы бір уақытта бағалайды. Құзыреттер бойынша бағалау кандидаттың жеке қатысуымен ғана жүзеге асырылады. Құзыреттілікті бағалау үшін арнайы оқудан өткен сертификатталған бағалаушылар тартылады. Бағалау рәсімінің сапасын арттыру үшін бағалаушыларға кәсіби супервизорлар бекітіледі. Резервке қабылдау туралы қорытынды шешімді Ұлттық комиссия қабылдайды. Жалпы жастар кадрлық резервін қалыптастыру жұмысы үстіміздегі жылдың соңына дейін жалғасады.