«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Петропавл қалалық полиция басқармасында «Үздік қызметкер» конкурсы өткізілді.

 Конкурстың мақсаты – полиция қызметкерлері арасында тілдік орта қалыптастырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру және қазақ тілін кеңінен насихаттау, полиция қызметкерлерінің беделін көтеру, тәртіп сақшыларының бойында Отанына, еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Байқауға қатысушылар конкурстың шарты бойынша түрлі тапсырмаларды орындап, өздерінің тапқырлықтарын, мемлекеттік тілде өз ойын әсерлі әрі анық жеткізе білетіндіктерін, сөйлеу мәдениетін, сондай-ақ әртістік шеберліктерін көрсетті.
Қатысушылар алдымен сәлемдесіп, өлең, бейнефильм арқылы өздерін таныстырса, «Зияткерлік сұрақтар» кезеңінде нормативтік-құқықтық актілер, қазақтың салт-дәстүрлері, мақал-мәтелдерінен білімдерін ортаға салды. «Шабыт жұлдызы» шығармашылық кезеңінде полицейлер қазақтың халық әндерін орындап, би билеп, күй тартып, қазақ тіліндегі қөркем шығармадан театрландырылған қойылым көрсетті.
Үш кезеңнен тұрған сайысқа төрелік жасаған қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі 1-орынға криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Жеңісгүл Бейсембина, 2-орынға ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Әйгерім Әубәкірова, 3-орынға арнайы қабылдағыштың полицейі полиция аға сержанты Әділ Зікірин ие болса, «Өнерлі қызметкер» аталымын жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Зарина Елубаева, ал «Сөзге ұста, ойға шебер» аталымын штаб бөлімінің аға инспекторы полиция капитаны Аягөз Исмағамбетова жеңіп алды. Жеңімпаздар Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp