«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов “Парыз-2016″ және “Еңбек жолы” байқауларының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. Қос байқауға қатысуға 32 кәсіпорын мен 24 адамнан өтініш түскен екен. Ниет танытқандардың ішінен республикалық кезеңде өңір намысын қорғайтын үздіктер анықталды. Сонымен, “Парыз-2016″ байқауы бойынша “Үздік әлеуметтік-жауапкершілікті кәсіпорын” аталымының жеңімпаздары – Тайынша ауданындағы “Степноишим тәжірибе станциясы”, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның “Ақселеу”, Петропавл қаласында орналасқан “Казградстрой-НС”, “Мир аттракционов” пен Қызылжар ауданының “Петерфельд-Агро”, Есіл ауданының “Ғайса” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, “Стрелец” жеке кәсіпкерлігі, Уәлиханов ауданының “Жолдасбай-Агро” фермерлік шаруашылығы.

“С.М.Киров атындағы зауыт” АҚ “Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын” болса, “Үздік ұжымдық келісім” аталымы бойынша “Қазпошта” АҚ облыстық филиалы және Мамлют ауданындағы “Стан” ЖШС жеңімпаз деп танылды.

“Еңбек жолы” байқауының “Үздік еңбек әулеті” аталымы бойынша “Мұнаймаш” акционерлік қоғамында тер төгіп жүрген Медведевтер отбасы марапатқа ие болса, “Мәмбетов және К” командиттік серіктестігінің механизаторы Тұрар Қасымов “Өндірістегі үздік жас жұмысшы” атанды. Ал “ПЗТМ” акционерлік қоғамында жұмыс істейтін 6 разрядты токарь Александр Слесаренко “Жастармен жұмыс істейтін үздік тәлімгер” атағына ие болды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp