«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздіктер қатарында

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының шешімімен облыстық перинаталды орталық елімізде үздіктер қатарынан көрінді. Республикалық орталық жылына екі рет өңірлер арасында медициналық қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізеді. Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша облыстық перинаталды орталық ұжымы үздіктер үштігінен көрінсе, қалалық перзентхана екінші орын алды.

Облыстық перинаталды орталық 1990 жылы құрылған. Өткен ширек ғасырдан астам уақыт ішінде орталықта 100 мыңнан астам сәби дүние есігін ашқан. Ал үстіміздегі жылдың өткен он айында 4574 ана іңгәлаған сәбиін құшағына басып, бақытқа бөленді. “Қазіргі таңда ұжымда 375 адам қызмет жасайды. Бұл жалғыз менің жеңісім емес, барлық ұжымның еңбегі. Біздің мекеме бүгінде ана мен бала денсаулығын сақтауда аянбай еңбек етуде”, – дейді облыстық перинаталды орталықтың бас дәрігері Жанна Мауытова.

Орталық барлық қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Акушер-гинекологтер, неонатологтар, ультрадыбыстық құрал-жабдықтармен жұмыс жасайтын дәрігерлер жыл сайын біліктіліктерін арттырып, білімдерін жетілдіріп тұрады.

Айгүл ХАМЗИНА,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp