Орта мектептер түлектерінің жыл сайынғы Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуі бүкіл еліміздің жұртшылығын елеңдетеді. Білім – болашақ, еліміздің ертеңі. Өрендеріміздің қолында – ертеңіміздің кілті. Ендеше, Солтүстік Қазақстанның түлектері де осы сынақта сыр бермеуге тырысты.
ҰБТ-ға өңір мектептерінің 2352 түлегі, 64 пайызы қатысты.
56 шәкірт «Алтын белгі» иегері атағына сай екенін айғақтады.
Түлектердің орташа білім деңгейі өткен жылғыдан жоғары.
Облыс мектептерінің арасында үздігі – қазақ-түрік лицейі. Орташа ұпайы – 104,1 балл.
Одан кейінгі орындарда – Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты – 103,6 балл; «БЭСТ» гимназиясы – 101,4 балл.
Облыстың үздік оқушысы – Петропавл қалалық бірінші жалпы білім беретін лицейдің түлегі Валерия Кревсун. Ол сынақта 123 балл алды.
Аудандар арасында уәлихановтық оқушылар топ жарды. Олардың көрсеткіші – 84,3 балл.
Өкінішке қарай, 488 түлек бастапқы сынақтан өте алмады.