Облыс орталығындағы “Динамо” дене шынықтыру-спорт қоғамының стадионында дәстүрлі спартакиада жалғасуда.
Бұл жолы жергілікті күш құрылымдарының өкілдері гір тасын көтеру бойынша өзара мықтыны анықтады. Оған 80 спортшы, 14 команда қатысты.
Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының споршылары жеңімпаз атанды. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері екінші болса, жедел әрекет ету жасағының қызметкерлері үздік үштікті түйіндеді.
Жекелей сында Ұлттық ұлан әскери институтының өкілі Дархан Сағынтай — 60, экономикалық тергеу департаментінің өкілі Азамат Нұрышев — 70, ал №6637 әскери бөлімінің қызметкері Мейрам Салмұқанов 80 килограмм салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкері Қанат Тілеужанов 90 килограмда топ жарды. Оның әріптесі Евгений Клочун 90+ килограмм салмақта алдына жан салмады.