«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ЖҮЗГІШТЕР

Теміртау қаласында суда жүзуден ел біріншілігі өтті. Оған 2002-2003 жылдары туған жасөспірімдерден жасақталған 18 команда қатысты. Аталмыш сайыста олимпиадалық резервтегі “Дельфин” мамандандырылған балалар мен жастар спорт мектебінің алты тәрбиеленушісі өңір намысын қорғады.

Бәсекелі доданың қорытындысы бойынша жекелей бағдарламада брасс әдісімен жүзген Рахат Қазбеков 50, 100 және 200 метрде жеңімпаз атанса, Макар Козяйчев 200 метрге кешенді жүзуде жеңіске жетті. Сонымен қатар, 4х100 метр эстафетасында солтүстікқазақстандықтар үшінші болды.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp