«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының бастамасымен «Жас самұрық» бағдарламасының аясында сәуір айында елімізде «Үздік маман» байқауы бастау алған болатын. Оған қордың он компаниясынан барлығы 30 адам қатысты.
Бұл шараның басты мақсаты – Қазақстанның өндірістік нысандарында еңбек ететін талантты жастарды іріктеп, олардың жан-жақты дамуы үшін қолдау көрсету және ынталандыру. Қордың кадрлық саясаты да осыны көздейді.
Бейнеформатта өткен байқаудың қорытындысы бойынша он жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында облысымыздың және «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының солтүстік өңірлік телекоммуникациялар дирекциясының намысын қорғаған екінші санаттағы инженер Құмар Темірғалиев та бар.
Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов сайыстың нәтижесінде үздік атанған қатысушыларға салтанатты түрде дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыс етті.
Сурет https://sk.kz сайтынан алынды.