«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ПОЛИЦЕЙГЕ — КӨЛІК

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай облыстық ішкі істер департаментінің үздік жедел уәкіліне автокөліктің кілті табысталды. Ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов 70-тен астам қызметкерді марапаттады.

Салтанатты шараға қылмыстық іздестіру қызметінің ардагерлері, аталған департамент жанындағы консультативтік-кеңесші органның мүшелері, облыстағы құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Жиында облыстық полиция ведомствосының бастығы үздік қызметкерге “Нива” көлігінің кілтін табыстады. Полиция аға лейтенанты Әділбек Жарасов биыл “Үздік маман” конкурсында жеңімпаз деп танылған. Ол 2014 жылы еліміздің ішкі істер мамандарын даярлайтын Қостанай академиясын тамамдаған. Екі жыл ішінде көптеген қылмысты ашуға қатысқан.

“Өз жұмысымды жақсы көремін. Қылмысты ашып, адамдарға көмектесемін. Қоғамға қажет екенімді түсінемін. Бұл мамандықты бекер таңдамағандығыма сенімдімін. Әрине, мен үшін үлкен жауапкершілік”, – деді ол.

Шара барысында полиция полковнигі Думан Таев облыс әкімі Ерік Сұлтановтың Құрмет грамотасымен, ал Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының бірінші полиция бөлімінің аға жедел уәкілі Ерболат Қаптаев Алғыс хатымен марапатталды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер

департаменті баспасөз

қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp