«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ТӘЖІРИБЕ

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы үш жылдан бері “Педагогикалық идеялар панорамасы” білім беру ұйымдарына арналған бейнедәрістер байқауын ұйымдастырып келеді.

Аталған байқау өңір мұғалім­де­рі арасында бәсекелестік туғызып, педагог­тар­дың мәртебесін арттыруға жә­не курстан өткен оқытушыларды қолдауға бағытталған. “Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орта­лы­ғының облыстық филиалы ұстаздарды қажетті ақпараттар­мен қамтамасыз етіп, сайысқа дайындау барысында да аянбай еңбектенді. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнебаяндардың, шеберлік сыныптары мен диа­лог­тық алаңдардың пайдасы зор екеніне көзіміз жетуде. 2018 жы­лы облыс педагогтары 11, ал был­тыр 14 жүлделі орынға ие болды. Бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіш.
Педагог мәртебесін артты­рып, үздік тәжірибеге қолжетімді­лікті қамтамасыз етуге, білім са­ласы қызметкерлерінің кәсіби құ­зыреттілігін дамытып, виртуалды оқытудың үздік бейнедәрістер қо­рын ұлғайту мақсатын көздейтін дәстүрлі байқау биыл да жалға­сын табады. 

Дариға ДӘУЛЕТОВА,
Айман КЕҢБЕЙІЛОВА,
“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы облыстық филиалының мамандары.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp