Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттері «Экономика» білім беру бағдарламасы бойынша өткен республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздары атанды.
«Экономика» кафедрасының студенттері Даниил Дитюк, Елена Скиба және Альбина Рашитова командалық есепте бірінші орынды жеңіп алып, «Үздік экономист» атанды. Осы жеңістің нәтижесінде осындай келесі республикалық олимпиада жергілікті университетте өткізілетін болды.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті негізінде ұйымдастырылған білім сайысына еліміздің 14 жоғары оқу орнының студенттері қатысты.