АҚШ-тың Хьюстон қаласында ауыр атлетикадан әлем біріншілігі аяқталды.
Қазақстан (2-2-1) жалпыкомандалық есепте тек Қытай (6-4-0) мен Ресейді (3-3-3) алға жіберіп, үшінші орынды иеленді. Ұлттық құрама қоржынына жүлде салғандар – Жазира Жаппарқұл (“күміс”, 69 кг.), Жасұлан Қыдырбаев (“қола”, 94 кг.), Алмас Өтешов (“күміс”, 94 кг.), Ниджат Рахимов (“алтын”, 77 кг.) және Александр Зайчиков (“алтын”, 105 кг.).
(Өз тілшіміз).