«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үйден шықпай-ақ теңгерімді толтыру жолдары

Beeline телефон теңгерімін толтырудың онлайн жолдарын еске салады. oplata.beeline.kz корпоративті порталы мен «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасынан бөлек, клиенттер төмендегі сервистердің кез келгенін пайдалана алады:

QIWI әмиян Шексіз/10 000 
Касса 24 әмияны 500 000-ға дейін (авторизациядан өткен қолданушыларға) 
Kaspi.kz МҚ 50 000/10 000 
Forte Bank МҚ 60 000 
Сбербанк МҚ 1 550 000/25 000 
Halyk Bank МҚ 20 000 

Beeline клиенттері «Менің Beeline-ым» мобильді қосымшасында тарифтер мен қызметтерін басқарып, есепшот ала алады. Софты алдын ала төлеммен есеп айырысу жүйесінің барлық абоненті Android және iOS платформаларына жүктей алады.
Бұған дейін Beeline Қазақстан қазақстандық зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға тегін байланыс ұсынды. Тегін байланысқа қол жеткізген дәрігерлер саны 16000 адамнан асты. Сондай-ақ, шетелдерде жүрген қазақстандықтарға байланыстың тегін топтамалары берілді. Оған қоса әлеуметтік, ресми және білім беретін 153 сайтқа тегін қосылу мүмкіндігін ашып, «Үйдегі Интернет TV» көрермендеріне ТВ топтамаларын толық ұсынып отыр.

Сонымен қатар «Жарқын» тариф қатарының абоненттері теңгеріміндегі қаражат жетпесе де, тегін байланысты және Қазнетке қосылу мүмкіндігін пайдалана алады. Осы тәрізді жеңілдіктер үйдегі интернеттің қолданушыларына да беріледі. 2020 жылғы 1 сәуірден бастап, айлық төлемді ұстауға қаражат жетпесе де, Kaz және Kz домені бар барлық ресурсқа қосылуға болады.

Сурет vtb.global сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp