«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙДІҢ БІР БӨЛІГІ ЖАНЫП КЕТТІ

 

 

Петропавл қаласының Ружейников көшесіндегі екі пәтерлі үйдің бір бөлігі толықтай жанып кетті, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспааөз қызметі.

Төтенше жағдай орнына келген өр сөндірушілер екі пәтерлі үйдің бірі лаулап жанып жатқанының үстінен түсті, газ баллоны жарылады деген қауіп болды. Құтқарушылар жанып жатқан үйден 3 газ баллонын алып шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалын 105 шаршы метрді шарпыды. Екінші пәтер өрттен сақтап қалынды.

Өрт сөндіруге жеке құрамнан 17 адам мен 5 бірлік техника жұмылдырылды. Оқиғаның себебі анықталуда.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp