«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үйлеріне іздеп келді

Алимент төлемей, өз балаларынан қашып жүрген безбүйрек әкелер бүгінгі қоғамда аз емес. Тіпті, алимент төлемеу үшін тұрақты мекенжайы мен қызмет атқаратын мекемесін жасыратын әкелер де бар.

Осы аптада сот орындаушылары облыс орталығының борышкер тұрғындары Темірлан Мұқашев пен Қанат Алпысбаевты үйлеріне іздеп барды. Темірлан Мұқышев 3 айдан бері 3 жасар баласына алимент төлемеген. Енді ол аз уақыттың ішінде 173 мың теңгені тауып беруі тиіс.

Ал Қанат Алпысбаев 2014 жылдан бері баласына ешқандай көмек бермепті. Бүгінгі күні 2 баласына қарызы 918 мың теңгені құрайды.

Бүгінгі таңда сот орындаушыларының қарауында алимент төлеуден жалтарып жүргендерге қатысты 2500-ден астам арыз жатыр. Сонымен қатар, 117 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жыл басынан бері сот орындаушылары алимент қарызы бойынша 41 миллион теңге өндіріп алды. Ал бүгінгі таңда жалпы қарыз мөлшері 77 миллион теңгені құрап отыр.

Ольга ВАСИЛЬЕВА,

облыстық әділет департаментінің

алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлімінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp