Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының қабылдау-орналастыру орнына 9 айда белгілі бір тұрғылықты мекені жоқ 6866 кезбе әкелінді. Соттың шешімімен бұлардың 266-сы сонда орналастырылды.
Қабылдау-орналастыру орнының қызметкерлері күн сайын кезбелерді анықтау үшін рейд өткізеді. Оларды аталған мекемеге апарып, аты-жөндерін анықтайды. Арасында қылмыскерлер, жоғалып кеткен адамдар тексеріледі.
Бұл рейдтердің кезбелерге тигізер пайдасы жоқ емес. Мысалы, А. Сынков полиция қызметкерлері оның жоғалып кеткен құжаттарын, әсіресе, төлқұжатын қалпына келтіруге көмектесіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, полиция кезбелердің қылмыстарға тартылып кетпеуін де қадағалайды.
Қабылдау-орналастыру орны бастығының орынбасары, полиция майоры Руслан Әлібаевтың айтуынша, мұнда күніне үй-күйсіз жүрген 20-25 адам жеткізіледі екен.
Осындай рейдтердің арқасында жыл басынан бері 132 қылмыс ашылған. 11 адамның аты-жөні, іс-әрекеті анықталып, бұлардың 6-уы іздестіруде жүрген қылмыскерлер, 5-еуі із-түзсіз жоғалып кеткендер болып шықты.
Юрий КЛЫКОВ,
облыстық ішкі істер департаменті баспасөз
қызметінің инспекторы.