«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙІНЕН ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Аққайың ауданының орталығы Смирново ауылының 50 жастағы тұрғыны синтетикалық есірткі затын сатты деген күдікпен ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасына “спайс” психобелсенді есірткі затын сату фактісі жөнінде ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру шараларының барысында мәлімет расталып, күдікті қолға түсті. Оның үйінен сатуға дайындап қойған, жалпы салмағы 93 грамм “спайстың” 620 дозасы алынды. Сондай-ақ, этил спиртінің шынылары, ақ түсті ұнтақ тәрізді зат, синтетикалық психобелсенді заттың концентратын араластыруға негіз болып табылатын дәріханалық шөптердің қаптамасы тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Жалпы жыл басынан бері есірткі затына қатысты 151 заң бұзушылық анықталып, 94 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның 96-сы – қылмыс, 55-сі – ауыр және аса ауыр құқық бұзушылықтар, 34-і – есірткі затын сату фактісі. Заңсыз айналымнан 393 килограмнан астам есірткі тәркіленсе, соның 114 грамнан астам героин, 93 грамы кокаин және 1 килограмнан астамы түрлі синтетикалық заттар болып табылады.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp