«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үй жануарларына қамқорлық

“KAZ Minerals” мыс компаниясы Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үй жануарларын өз қамқорлығына алды. Мысықтар мен иттерді қауіпсіз жерге көшіруді “Мейірімді планета” жеке қайырымдылық қоры ұйымдастырған.

Аталған қайырымдылық қор­дың жетекшісі Татьяна Муха­медзяно­ваның айтуынша, 150 ит пен 50 мысық тілсіз жаудан құтқарылған. Үй жануарлары­ның көп бөлігі бос ғимараттарға орналастырылып, оларды ерік­ті­лер мен қайырымды қала тұр­ғындары тамақтандырып кел­ген.

Дегенмен үй жануарларына арналған азық-түлікке күніне 20 мың теңгеден астам қаражат жұм­салыпты. Еріктілер кейбір иттердің ботқасына ет қосып қай­натса, ал денсаулығында кінә­ра­ты барларға диеталық тамақ дайындаған. Олар тіпті арнайы тағамдар да сатып алып отырған. Ал мысықтар уақытша қайы­рымды жандардың қамқор­лы­ғына берілген.

– “KAZ Minerals” компания­сы­на уақытылы және қажетті кө­мек­ көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Бізге аударылған қа­ра­жат үй жануарларына бес ай­ға та­мақ сатып алуға жетті. Үй жан­уар­ларын ұзақ уақыт ұс­тау­ға мүм­кіндігіміз болмағандық­тан, әр­қай­сысына тез арада бас­пана та­уып беруді мақсат етіп отыр­мыз, – деді Татьяна Мұха­медзянова.

“KAZ Minerals” тобының кор­по­ра­тивтік байланыс департа­мен­­­тінің басшысы Мақсұт Жапабаев­­тың сөзінше, мамыр айы­ның соңында зардап шеккен ау­дан­дарға барғанда эвакуация­лан­ған жануарларға арналған пункт жайлы естіп, қор директо­ры­мен кездескен екен. Компа­ния басшылығы да қорға көмек­тесу туралы ұсыныстарын қол­дапты.

Қазір эвакуациялық пункт­терде алғашқы күнге қарағанда үй жануарлары азайған. Қал­ғандарын “KAZ Minerals” және ин­весторлардың қолдауымен құ­рылысы жүріп жатқан пәтерлер мен жаңа үйлерге ие болған жан­дар алады.

Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp