«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЙ ИЕСІ ҚАЗА ТАПТЫ

Кеше түс ауа Қызылжар ауданындағы Боголюбово ауылындағы Звенянин көшесінде орналасқан 29-шы үй отқа оранды.

Оқиға орнына өрт қарауылы дереу жеткен кезде жалын шарпыған үйдің төбесі опырылып құлады. Тілсіз жауды ауыздықтауға жеке құрамның он қызметкеріне қоса ерікті өрт сөндірушілер де жұмылды. Оларға бір жарым сағат бойы өртпен арпалысуға тура келді. Нәтижесінде өрт толық сөндірілгенімен, тұрғын үйдің төбесі және үйдің жанында тұрған жеңіл автокөлік зардап шекті. Ең өкініштісі сол, оқиға орнынан үй иесі – 1947 жылы туған ер адамның мүрдесі табылды. Өрттің шығуына отты пайдаланудағы абайсыздық себеп болған. Материалдық шығын көлемі анықталуда.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp