“Солтүстік Қазақстан” газетінің редакциясына тырнақалды өлеңдерін әкеліп, талқыға салған ұяң бозбала Өркен Зікірияновтың жауқазындай жырларында үкілеген үміті атойлайды. Алғашқы жыр, тұңғыш қадам. Ол Қызылжар ауданының орталығы – Бескөл ауылындағы “Парасат” мектебінің 9-сыныбында білім алып жүр. Сондықтан “Бұлақ көрсең, көзін аш!” деген халық нақылымен жас талапкердің қанатын қияға сермеуіне тілеулес болып, газет бетінен орын беруді жөн көрдік.
ЕЛОРДАМ – АСТАНА
Елордам – Астана,
Гүлденген жас қала.
Беткеұстар бас қала,
Ол – осы Астана.
«Сен – сұлу қала! – деп,
Айтамын өзіңе.
Көрсем де жаңа кеп,
Ыстықсың көзіме.
Болашақ ақынмын,
Жырларға құмартқан.
Астанам, атыңды
Етемін шын мақтан.
ӨЛЕҢ-ЖЫРДЫҢ
ЖҮРЕГІ
Мағжан атам, жерлесім,
Көп қиындық көргенсің.
Жырлайыншы өзіңді
Осы маған Тәңірім
Ақындықты бергесін.
Елін сүйген сіздерді
Бағалаймыз білгесін.
Қиындықты Сіз көрген
Жан басына бермесін.
Ойыңызды қаралап,
Жаныңызды жаралап,
«Ұлтшыл!» деген ат тақты,
Барлық қатаң жазаны
Сізге жауып, соттатты.
Қазағым осы езгіден
Есін әрең жинады.
Жазықсыз осы Сіздерді
Бекерден-бекер қинады.
Қадіріңді, жан аға,
Сол кездері білсе ғой.
Қазіргідей ардақтап,
Төрден орын берсе ғой.
Құрметіңді, жан аға,
Енді бәрі біледі.
Тағзым етіп тұлғаңа
Мақтан етіп жүреді.
Өзіңіз ғой, ұлы аға,
Өлең-жырдың жүрегі!
ХАН КЕНЕ
Қазақ елін басқардың,
Басын қостың жастардың.
«Елге қорған болам!» – деп,
Қу толағай жастандың.
Билерменен бірігіп,
Қисапсыз іс атқардың.
Жауға шаптың талмастан,
Шаршап, демді алмастан.
Сізге арнап, ағатай,
«Жазсам, – деймін, –
бір дастан!»
Жау бекініс тұрғызған,
Жасағыңды қырғызған.
Өзің де одан жасқанбай,
Көмек көрдің ұл-қыздан.
Мақсатыңды түсінбей,
Ажалың болды-ау
қырғыздан…
Көрер ме едің еліңнің,
Тәуелсіздік алғанын.
Ел басқарып Нұраға,
Орындалды арманың!
Қызылжар ауданы,
Бескөл ауылы.