«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮКІМІН ТОСЫП ОТЫР

Петропавл қалалық сотында “ұлтаралық және дінаралық араздық туғызды”, “сепаратистік әрекет жасады” деген айып тағылған азаматқа қатысты іс қаралуда.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, даудың басы айыпталушының облыс орталығының және көше атауларын өзгертуге қарсылығынан басталған. 37 жастағы И. 2014 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың мамырына дейін “Вконтакте” әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздық туғызатын жазбалар қалдырып отырған. Бұл жазбалар кей адамдардың наразылығын туғызып, әлеуметтік желі қызу пікірталас алаңына айналды. Әсіресе, оның “Референдум!” деген жазбасы желі қолданушыларының ашуын тудырған. Оған осы жазбасы үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174,180-баптары бойынша айып тағылып, үстіміздегі жылдың сәуір айында қамауға алынған еді. Содан бері бірнеше сот отырыстары өтіп, екі жақтың пікірлері толық тыңдалды. Сот отырыстарында күдікті өзінің желідегі жазбалары қорғанудың, намысты таптатпаудың амалы, сол себепті кінәлі емеспін деген пікірінен таймады. 5 желтоқсан күні болатын сот отырысында сегіз айдан бері түзеу мекемесінде отырған айыпталушыға қатысты сот үкімі шығады деп күтілуде.

Нұржан СЕЙІЛБЕКОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp