
Облыс орталығында үздік пәтер иелері кооперативі байқауы өз мәресіне жетті. Қазылар алқасының мүшелері тұрғындары қатысуға ниет білдірген 20-дан астам ауланы аралап көрді.
Чайковский көшесі 21-үйдің шағын болса да тап-тұйнақтай ауласы көптің көңілінен шықты. Мұнда көлік доңғалақтарынан түрлі пішіндер жасалып, олардың іші түрлі-түсті гүлдермен көмкеріліпті. Ал ертегілер әлемі кейіпкерлерінің авторы – Александр Часов есімді зейнеткер. Қарияның қиялынан туған пішіндерді жүзеге асыруға аула тұрғындары бір кісідей атсалысатын көрінеді.
Қазылар алқасы үлкен-кішінің көңіліне қуаныш ұялатқан пәтер иелері кооперативтерінің үздіктеріне көгал шапқыш машина тапсырды.