«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЛКЕНГЕ – ҚҰРМЕТ

Қаланың қым-қуыт тіршілігінде, қарбалас жұмыста көбіне біз өртке қарсы қызметтің басында кімдердің тұрғанын, соғыстан кейінгі қиын жылдарда олардың қалай еңбек еткенін ұмытып кетіп жатамыз. Дегенмен, өртке қарсы қызметтің ардагерлері мұқала қойған жоқ, есесіне күш-жігерлерімен, рухани қасиеттерімен шыңдала түскендей.

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметі” ММ-нің қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынбай Уәлиевпен бірге бір кездері өздерінде мінсіз қызмет атқарып, бұл күндері зейнеткерлікке шыққан тыл ардагерлеріне атаулы қолдау көрсетті.

Өртке қарсы қызмет органдарында 30 жылдан астам қызмет атқарған Зоя Ивановна Юхновец кездесу кезінде шау тартқан жасына қарамастан, болашаққа сеніммен қарайтындығын айтты. Денсаулығын біле және мерейлі мерекесімен құттықтай келген әріптестеріне мүмкіндігіне қарай көмек көрсетіп жатқандықтары үшін ризашылығын білдірді.

Өрт сөндіру мекемесінде 27 жыл үзіліссіз әртүрлі қызмет атқарған Зура Жамалиева өзімен бірге жұмыс атқарып, өмірінде өшпес із қалдырған әріптестері мен тәлімгерлерін ерекше бір ыстық сезіммен еске алды. Қазіргі уақытта Зура әже он немересі мен үш шөбересінің қуанышына бөленіп отыр.

Үлкенге құрмет көрсетуді, ұрпақ сабастастығын жалғастыруды мақсат ететін “ардагерлерде болу” рейді – өрт сөндіру қызметінің басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады. Өйткені көңіл аударуды және шынайы қамқорлық көрсетуді қажет ететін басқа ардагерлер де бізді күтіп отыр…

Ләззат ҚҰРМАНҒОЖИНА,

облыстық төтенше жағдайлар

жөніндегі департаменттің “ӨС және АҚҚ” ММ-нің бас маман-психологі,

  өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp