«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ — КІШІГЕ ІЗЕТ

“СЕВКАЗЭНЕРГО” акционерлік қоғамы ардагерлерге  арнап қамқорлық шараларын ұйымдастыруды игі дәстүрге айналдырған. Жуырда компания қызметкерлері Петропавл қаласының құрметті азаматы, энергетика саласының дамуына зор үлес қосқан Александр Липовойға материалдық көмек көрсетті. Олар зейнеткердің үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, шатырын жаңартты. 

Өңіріміздің көнекөз қарттары Александр Липовойдың өткен ғасырдың 60-ыншы жылдардағы энергетика саласына сіңірген еңбегін жақсы біледі. Жерлесіміз 50 жылдан астам уақыт бойы облысымызды электрмен қамтамасыз ету саласындағы басшылық қызметтерді абыроймен атқарды. “Барлық кезеңде қызмет еткен мамандарымыз ұрпақтар сабақтастығын сақтай білді. Осының нәтижесінде жыл бойына ардагерлерімізге көмек көрсету шаралары жүзеге асырылып тұрады.  Александр Егорович біздің саланы жаңа сатыға көтеріп, ел игілігі жолында еңбек етті. Ол бізге нағыз үлгі боларлық жан”, – деді “Солтүстік Қазақстан  бөліп-тарату электроторабы компаниясы” АҚ-ның бас директоры Анатолий Казановский. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp