Осыдан үш күн бұрын суға кеткен 2007 жылғы қыздың мәйіті табылды.
Іздестіру жұмыстарына жұмылдырылған төтенше жағдай қызметі мен еріктілер қыздың мүрдесін маусымның 27-сі күні кешкі сағат 21.00 шамасында Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылы маңында Есіл өзенінің сол жағынан тапты. Жеткіншектің денесін су оқиға болған жерден 12 шақырымға дейін ағызып әкеткен.
Еске сала кетейік, Петропавл қаласы маңындағы Новопавловка ауылының “Огонек” саяжай қоғамы ауданында Есіл өзенінде төтенше жағдай орын алған болатын. Өкінішке қарай, үш күн бойы өзен жағасын сүзіп, қызды тірі табамыз деген құтқарушылардың үміттері ақталмады.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы.