Жуырда Жамбыл ауданына қарасты Благовещенка ауылында тұтас бір отбасы сұрапыл өрттің құрбанына айналғанын хабарлаған болатынбыз (https://soltustikkaz.kz/index.php/ja-alyqtar/8288-sh-adam-k-jik-aldy).
Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлері зардап шегушілердің ауыр халде жатқанын естіп, біреудің қайғысына бей-жай қарай алмады. Олар тілсіз жаудан жәбір көргендерге ұжым болып қан тапсырды.
«Болған оқиғаға біз бей-жайлық таныта алмадық. Өйткені адам өмірін сақтап қалу – біздің басты парызымыз», – деді Петропавл қалалық ТЖД басқармасының қызметкері, азаматтық қорғау майоры Әсет Шайкин.
Сурет http://2pos.kz сайтынан алынды.