«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮМІТ

Бір-біріне қабыспаған тірліктің,
Бұйдасына жармасам деп іліктім.
Қарымы жоқ қиғаш тартқан қимылдың
Қалт кетерін қауіп қылған біліп кім?

Көңіліңді көтерілген басар мұң,
Тұманынан көрінбейді атар күн.
Көз алдымда көлбеңдеген елеске
Елеңдемей қалай тыныш жатармын?!

Жүйрік сезім құйқылжытып қиялды,
Асқақ асу асқарына бұрады.
Ал арманға жетер жолдың өлшемі,
Үзілмейтін үміттерден тұрады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp